Қоғам

Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жамағатқа арналған «Толибуль Ильм» атты семинар өтті

Еліміздің інжу-маржаны саналатын Бурабайда Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жамағатқа арналған «Толибуль Ильм» атты семинар өтті. Екі күнге жалғасқан іс-шараға елордадан 50-ден аса қатысушы келіп, дін саласындағы ең үздік мамандардан дәріс алды.

Ер және әйел жамағатына дәрістер мен экскурсиялар жеке-жеке өткізілді. Елордадан арнайы автобустармен Бурабайға келген дін өкілдері, кербез Көкшенің табиғатын тамашалап, тау басына шығып, қаланың күйбең тіршілігінен демалып, уағыз тыңдап, әрі діни сауаттылықтарын арттырып қайтты.

Іс-шара аясында жамағатқа психологиялық ойындар ұйымдастырылып, ұжымдық рухты арттыратын экскурсия жүргізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button