Қоғам

Елордада протестанттық шіркеулер арасында футболдан турнир өтті

Ағымдағы жылдың 12 маусымында «Көктал» саябағында Нұр-Сұлтан қаласының протестанттық шіркеулерінің өкілдеріне арналған футболдан турнир өтті. Турнир Қазақстандағы Евангел сеніміндегі Христиан Одағының бастамасымен, елордалық Діндерді зерттеу орталығының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара діни бірлестіктер арасында өзара сенім мен құрмет атмосферасын құру, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Евангелиялық Қазақстан христиандар Одағы төрағасының орынбасары Игорь Цай жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, осы шараның дін аралық татулыққа, бейбітшілікке шақырудағы және салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңыздылығын атап өтті.

«Біз Конфессияаралық қатынастарды жақсарту және дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізудеміз. Бүгінгі футбол турнирі бұған айқын дәлел. Осындай форматтағы іс-шаралардағы ойын барысында біз діни бірлестік өкілдерімен бейресми жағдайда сөйлесе аламыз. Бұл өзара пікір алмасуға мүмкіндік береді және конфессияаралық және мемлекеттік-конфессиялық қатынастарға оң әсер етеді», – деп атап өтті Діндерді зерттеу орталығының бөлім басшысы Б.Абдуллов.

Евангелиялық Қазақстан христиандары сенімі Одағы төрағасының орынбасары И. Цай түрлі конфессия өкілдері арасында қарым-қатынас жасау және орнату үшін бейресми алаңдардың маңызды рөлін атап өтті.

«Мұндай турнирлер арқылы адамдар арасында байланыс орнатылып, өзара түсіністік пайда болады. Біз Евангелиялық Қазақстан христиандарының одағы ретінде мемлекеттік органдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға үлкен мән береміз. Бұл біздің бірлескен жақсы бастамамыз, оны діни бірлестіктер мен мемлекеттік органдар одан әрі қолдап, осындай жобаларды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық орнатамыз деп сенемін», – дейді ол.

Жарыс ережесіне сәйкес спорттық турнирге 6 протестанттық діни бірлестіктің атынан 7 команда қатысты. Атап айтқанда, «Рақым» Астаналық пресвитериандық жергілікті мәсіхші діни бірлестігі қауымы» жергілікті діни бірлестігі, «Нұр-Сұлтан қаласы «Агапе» христиандық шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі, «Інжілдік христиан шіркеуі «Агапе» жергілікті діни бірлестігі, «Сәлем» астаналық інжілдік баптистер қауымы» жергілікті діни бірлестігі, «Інжілдік Назарянина шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі, «Астана мәсіхшілер қауымы «Толық Інжіл» жергілікті діни бірлестігі, сонымен қатар, Діндерді зерттеу орталығының қызметкерлерінен құралған командалар қатысты.

Тартысты күрес қорытындысы бойынша Діндерді зерттеу орталығының командасы жеңіске жетті, екінші орынды «Рақым» астаналық пресвитериандық жергілікті мәсіхші діни бірлестігі қауымы» жергілікті діни бірлестігінің командасы алды. Үшінші орын «Нұр-Сұлтан қаласы «Агапе» қасиетті елуліктің христиандық шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі командасының еншісіне бұйырды. Футболшыларға кубок беріліп, алғыс хаттармен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button