01Қоғам

Елордада отбасылық құндылықтарды насихаттайтын жоба басталды

“Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы 2020-2022 жылдарға арналған «Отбасы — бақыт мекені» үш жылдық жобасы іске қосылғанын мәлім етті”,- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жоба аясында түрлі іс-шаралар, оқыту семинарлары, тренингтер және т.б. өткізу, осы арқылы отбасылық құндылықтарды түсіндіру жолымен неке және отбасы институтын нығайту жоспарланып отыр.

Жоба барысында келесі іс-шаралар ұйымдастырылады:

• Жас отбасыларға отбасылық құндылықтарды түсіндіру бойынша семинарлар, онлайн-тренингтер;
• Ата-ана болуды жоспарлап отырған жас отбасыларға арналған онлайн-тренингтер;
• «Үздік жас отбасы» байқауы;
• Отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Отбасым — мақтанышым»бейнероликтер байқауы;
• ЖОО және колледж студенттеріне арналған факультативтік сабақтар;
• Жас отбасылар арасында әлеуметтік желілерде «Отбасылық демалыс» тақырыбында байқау;
• Отбасылық спорттық марафон.

Әр іс-шара бөлек ұйымдастырылады. Келесі аптада тек семинар-тренингтер марафоны басталады.

19-30 сәуір аралығында ZOOM платформасында бақытты отбасылық қатынастарды құру тақырыбында кәсіби спикерлерден 20 семинар сериясы өтеді. Отбасылық бюджет, қарым-қатынастағы кризистер, әйелдер энергиясы және тағы басқа тақырыптар талқыланады.

Марафон қорытындысы бойынша ең белсенді отбасыларға сыйлықтар беріледі:

• екі аспаздық мастер-класс;
• видео түсіру;
• екі студиялық фотосессия;
• мейрамханада екі кешкі ас.

Семинарға қатысу тегін. Жүлде ұтыс ойынына 29 жасқа дейінгі Нұр-Сұлтан аумағында тұратын жас отбасылар қатыса алады.

Тіркелу үшін мына мәліметтерді жіберуіңіз керек:

• Ерлі-зайыптылардың аты-жөні;
• телефон нөмірлері;
• некені тіркеу туралы куәліктің сканерленген көшірмесі.

Барлық сұрақ бойынша сіз бізге direct немесе телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз: +7 747 365 5559
Толығырақ ақпарат @elorda.otbasy және @ns_jastary парақшаларында жарияланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button