“Мемлекеттік органға жіберілген хаттың жай-күйі туралы ақпаратты енді Telegram мессенджеріндегі арнайы чат-боттан көруге болады”,- деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram мобильді қосымшасы алаңында құрылған «KGD_kantselyariya» виртуалды көмекшісінің жаңа қызметін пайдалануға ұсынып отыр.
«KGD_ kantselyariya» виртуалды көмекшісі құжат айналымы мәселесі бойынша салық төлеушілерге ыңғайлы болуы үшін құрылған. Оның көмегімен өтінініш иесі мына ақпаратты жедел алуына болады:
– өтініштің кіріс нөмірі мен күні;
– Комитеттің өтінішке берген жауабының шығыс нөмірі мен күні;
– салық төлеушінің жүгінуі бойынша Комитеттің жауапты орындаушысының деректері (аты-жөні және телефон нөмірі).
Бұл ақпаратты алу үшін:
– аты-жөнін немесе ұйымның толық атауын;
– өтініш берілген күні мен шығыс нөмірін чат-ботта жазу қажет.
Аталған қызметті, жұмыс күндері (сенбі мен жексенбіні қоспағанда) сағат 9:00-ден бастап 18:30-ға дейін пайдалануға болады.