01Спорт

Шаңғыдан чемпионат өтті

Орталық спорт клубының спортшылары Алматы қаласында шаңғы жарысынан өткен чемпионатта төрт алтын, күміс және үш қола жүлдені еншіледі.
Жарыс «Almaty-Arena» мұз айдыны кешенінің аумағында орналасқан «Almaty Snow Park» жаңа шаңғы тас жолының бойында өтті.
Аталған жарысқа барлығы 100-ден астам спортшы қатысты.

Ерлер арасындағы жеке жарыстың жүгіру қорытындысы бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әсет Дүйсенов жеңімпаз атанды, әйелдер арасында күміс жүлде сержант Мария Власоваға, ал қола жүлде лейтенант Эльмира Молдашеваға бұйырды.

Ерлер арасындағы командалық эстафетада (1+1) чемпион атанғандар – спортшы-нұсқаушы Әсет Дүйсенов пен мерзімді әскери қызметші Темірлан Төлегенов. Ал әйелдер арасында қола жүлделерге лейтенант Эльмира Молдашева мен сержант Мария Власова ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button