Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов “Еңбегі жанған арулар” атты іскер әйелдер форумына қатысты. Бұл туралы ол өз инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
«Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау — біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі. Бюджетті маңызды бөлігі әлеуметтік бағытқа жұмсалады. Биыл пандемияны ескере отырып, бюджет шығындарды азайту жұмыстарын жүргіздік. Әлеуметтік салаларға қосымша 10 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылды. Нақты көмек көрсету үшін өткен жылдың жазында “Жанұя” отбасы институтын қолдау орталығы ашылды. Бүгін орталықтың жұмысы ҚР Президентінің көмекшісі Тамара Дүйсеноваға таныстырылды.
Орталықта қала тұрғындары тұрғын үй, білім беру, медицина, АӘК тағайындау, бизнесті ашу және т.б. мәселелер бойынша кеңес алып, көмек ала алады. Сонымен бірге орталықта біліктілікті арттыру курстары өткізіледі, құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі. “Жанұя” орталығында адамдар “бір терезе” қағидаты бойынша көмек алады. Осы уақыт ішінде орталық 30 мыңнан астам адамның мәселесін өңдеді.
Сонымен қатар, бүгін “Жанұя” орталығында “Еңбегі жанған арулар” атты жұмыс істейтін әйелдер форумына қатыстым. Онда жұмыс істейтін әйелдердің мәртебесін арттыру, әлеуметтік жобаларды кеңейту және қолдау және т.б. мәселелер қаралды. ҚР іскер әйелдер қауымдастығының белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табыс етілді»,- деп жазды Алтай Көлгінов.