17Саясат

«Nur otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XL конференциясы өтуде

Шымкент қаласының «Түркістан» мәдениет үйінде «Nur otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XL конференциясы өтуде

Конференция қарауына «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық сайлауалды бағдарламасы ұсынылды.
Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасы Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ел экономикасын дамыту, пандемия салдарын жеңілдету арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын, тұрмыс – тіршілігін жақсартуға бағытталған тапсырмалары, сондай-ақ, қаланың даму бағдарламасы негізінде жасалынып отыр. Бұдан бөлек бағдарламаға праймериздің өту барысында тұрғындардан түскен 685 ұсыныстардың 98 пайызы көрініс тапқан. Ал, 15 ұсыныс сайлауалды бағдарламаға қосымша енгізілді.
– Сайлауалды бағдарламада тұрғындардың лайықты әрі сапалы өмір сүруі үшін негізгі мәселелерді түйіндей келе, қаланың экономикалық, әлеуметтік дамуына аса қажет 10 басымдықты анықтадық. Осы сайлауалды бағдарламаны орындап, іске асырылуына баршамыз бір кісідей атсалысуымыз қажет. «Nur Otan» партиясы қашан да берген уәделерін нақты орындап келген. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бұл бағдарлама Сіздердің қолдауларыңызбен толық жүзеге асады деп, кәміл сенемін!, – деді «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасы Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов
Конференция барысынданда сайлауалды бағдарлама делегаттар тарапынан қолдау тауып, бірауыздан қабылданды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 30 мыңнан астам партия мүшесі бар. Олар 46 бастауыш партия ұйымдарына біріктірілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button