04Қоғам

Ақтөбеде сумен және газбен қамту көрсеткіші 90 пайыздан асты

Ақтөбе тұрғындарының 95,8 пайызы сумен, ал тұрғындардың 91,3 пайызы газбен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Орталық коммуникациялар алаңында тоғыз айдың қорытындысын жасады. Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндады. Өңірдегі пандемия мен шектеу шараларына қарамастан барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қарқынды өсімі қамтамасыз етілген. Өнеркәсіп көлемі 100,1%, инвестиция – 108,8%, ауыл шаруашылығы – 104,1%, құрылыс – 116,4%, тұрғын үйлердің пайдалануға беруілуі – 103,6%.

Облыс экономикасына ​ 410 млрд. теңге инвестиция тартылды, оның 19,5%-ын шетелдік инвестициялар құрады.

«Қазіргі таңда тұрғындардың 95,8 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Алдағы 2-3 жылда бұл мәселе тұтастай шешіледі. 2023 жылы барлық ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп айтуға болады. Газ мәселесіне келер болсақ, Ақтөбе мұнайлы өңір. Ілеспе газы бар. Халық қайткенде де газ жеткізіп, көгілдір отын тұтынуды армандайды. Жыл соңына дейін тұрғындарды газбен қамту 91,3 пайызға жеткізіледі. Негізі 323 елдімекеннің 200-ге жуығында адам саны 200 адамға жетпейді. Бәріне газ жеткізу қаржығы келіп тірелетін шаруа. Келер жылы 8 жобаға 2,4 миллиард теңге қаржы бөлініп, келісілді. Сөйтіп көрсеткіш 91,8 пайызға жетуі мүмкін», – деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Басқа жаңалықтар

Back to top button