Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық ауруханасына Италияда жасалған 13 млн 925 мың теңге тұратын МАК жылжымалы рентген қондырғысы алынды. Оған «КазГерМұнай» ЖШС БК компаниясының бас директоры Мұрат Мұстафаев демеушілік жасады.
Сондай-ақ, жаңақорғандық жеке кәсіпкер Нұрлыбек Закиров өз қаражаты есебінен ауруханаға оттегі концентратын сыйға тартты.
Жалпы, ауруханаға гуманитарлық көмек ретінде жыл басынан бері 2 дана ИВЛ аппараты, 53 дана оттегі концентраты, 10 дана пульсоксиметр құрылғысы және 1 жедел жәрдем көлігі берілді. Бұл құрылғылардың пандемия кезеңінде халыққа тигізген көмегі көп болды.