ҚР ІІМ ведомстволық сайты астаналық полицейлер велосипед, мопед және өздігінен сырғанайтын электр құрылғы мінгендерге жол жүру ережелерін сақтау туралы естеріне салды деген ақпарат таратты.
Мопед, электрокат пен велосипед жүргізушілеріне тән жиі жарақаттануды азайту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы полиция Департаменті жол қозғалысына қатысушыларға келесі жылы басты, шынтақ пен тізені қорғайтын киім кию керек екенін ескертті. Одан бөлек, мопедтер мен электрокат, велосипедтер катафотпен, алдыңғы және артқы жарық шамдарымен, басқа да жарық қайтарғыш элементтермен (жапсырғыштар, жолақтар, т.б.) және дыбыстық белгімен жабдықталуы тиіс.
Бұл талаптар орындалса, түнде, ымыртта, кешке, тұман түскен немесе бұлтты күндері болсын, жол қозғалысына қатысушыларды анық көру мүмкіндігі арта түседі. Бұлар қатысатын жол оқиғасы, көбінесе, жолдағы жағдайды қате топшылағанда немесе жылдамдықты арттырғанда болып жатады. Жыл басынан бері велосипедшілердің қатысуымен 22 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның 21-і түрлі жарақат алды, ал бір адам қаза болды. Нұр-Сұлтан қаласы полиция Департаменті велосипедшілерге, мопед пен электрокат мінгендерден жол бойында сақ болуды ескертеді.