01Қоғам

Бағдарлама аясында қайта қоныстанды

2020 жылдың 8 айында Қазақстанның еңбек күші мол аймақтарынан еңбек қолы жетіспей жатқан аймақтарға жалпы саны 4 386 адамды құрайтын, олардың 2 303-і еңбек жасындағы 1 273 отбасы көшіп барды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұл отбасылардағы еңбекке жарамды 1 652 адам жаңа қонысында жұмысқа орналастырылды. Өнімді еңбекпен қамтып және бұқаралық кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында, еңбек ресурстарының оңтайлығы үшін, Үкімет анықтаған аймақтарға өз еркімен көшіп барғандарға мемлекеттік көмек көрсету шаралары қарастырылған. Көшіп шығатын аймақтар қатарында: Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары. Ал, қоныс тебетін аймақтар: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Мемлекеттік бағдарлама аясында өз еркімен қоныс аударушыларға мемлекеттік көмек шаралары субсидия ретінде беріледі:

– Көшуге – отбасының әр мүшесіне бір рет 35 АЕК мөлшерінде (92 мың теңге) төлеу;

– Баспанаға төленетін жал ақысына кететін және жылына 12 ай бойы коммуналды қызметтер үшін шығындардың орынын жабу үшін отбасы мүшелерінің санына қарай 15 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін(39 мыңнан 79 мың теңгеге дейін).

Сонымен қатар, қоныс аударғандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатыр. Солтүстік Қазқстан облысында жеке үй құрылысының 714 нысаны бой көтереді, Павлодар облысында қоныс аударушыларды қамтамасыз ету үшін 441 пәтер сатылып алынады. Жалпы 2020 жылы барлығы 5 825 адамды (1 631 отбасын) жаңа қонысқа көшіру жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button