“Жаттығулар әр сенбі сайын өтеді”,- деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
11 қыркүйек күні елорда тұрғындары арасында ашық ауада «Outdoor Zumba Fitness & функционалдық жаттығулар» бастау алды. Аталмыш шара аясында бокс, каратэ, жекпе-жек, фитнесс және кардио элементтері бар Латын Америка ырғақтары негізінде би бағдарламасы өтті.
Зумбаны топтық бағдарламалардың сертификатталған нұсқаушысы, Zumba Fitness, Hot Iron, Iron Cross Мурзахметова Жадыра Аңсағанқызы өткізді.
Шара барысында нұсқаушылар «ең мықты», «ең епті», «ең төзімді», «ең белсенді», «ең жарқын», «ең сүйкімді», «ең жас / ең үлкен» номинациялары бойынша үздік қатысушыларды анықтады.
Аталмыш жарыс карнтин талаптарын сақтай отырып, әр аптаның сенбі күндері елорданың «Астаналық саябағы» мен «Ботаникалық бақта» өтетін болады.
Жаттығулар кестесі:
16 қыркүйек сағат 11:00-де – «Ботаникалық бақ»
17 қыркүйек сағат 11:00-де – «Астаналық саябақ» («Дәулет» СК жанында).