02Қоғам

Алаяққа алданбаңыз!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты халыққа Жолдауында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне үлкен назар аударды. Осыған байланысты өткен онлайн брифинг барысында, Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы Амантай Өсербаев әскери қызметті кейінге қалдыру немесе одан босату алгоритмін түсіндірді.

«Жергілікті басқару органдарының қызметкерлері кейінге қалдыру, армиядан босату мәселелерінде ешқандай құқықтарға ие емес. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бұл мәселелер шақыру комиссиясының шешімі негізінде қабылданады. Сондықтан алаяқтардың құрбаны болмауыңызды өтінеміз», – деді Амантай Өсербаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button