Ауылдарға газ келді
Ақтөбе облысының Талдысай ауылында ауылішілік газ құбыры іске қосылды.Табиғи газды іске қосу рәсіміне аймақ басшысы Оңдасын Оразалин қатысты. Ұзындығы 18 732 м болатын құбыр арқылы 408 тұрғын үй, 23 әлеуметтік нысан көгілдір отынға қол жеткізбек.
“Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басты бағыттардың бірі халықтың әлеуетін арттыру. “Жұмыспен қамту жол картасы” бағдарламасы аясында биыл ауданда құны 1 млрд теңгеге жуық 13 инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын болады. Өткен жылы Талдысай, Жамбыл, Еңбекту ауылдарына газ құбырын салу жұмыстарына қаражат бөлінді. Бүгінде аудан тұрғындарының 47,8%-ы көгілдір отын игілігін көруде. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 56,4 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр”,- деген облыс әкімі 11 балалы анаға көгілдір отын пешін сыйға тартты.