Саясат
Тоқаев Қазақстан-Иран арасындағы өзара құқықтық көмек туралы заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.