04ДенсаулықҚоғам

Ақтөбеде мейрамханалар емдеу мекемесіне айналуы мүмкін

Ақтөбеде карантин ережесі күшейтіліп, демалыс күндері мейрамханалар жұмысы тоқтатылды. Алдағы уақытта олар емдеу мекемесіне айналуы мүмкін.

Соңғы тәулікте өңірде 23 адам ауырып, инфекциялық госпитальға жатқызылды. Өсім 3 пайыздан асты.

Індет жұқтырғандардың көбі жедел респираторлық вирустық инфекция симптомдарымен дәрігер көмегіне жүгінген. Облыста барлығы 716 адам індетке шалдықса, оның тең жартысынан астамы емделіп шыққан.

Ал ешқандай клиникалық белгісі байқалмайтындар қатары 460-ке жетті. Бір тәулікте облыста 27 тасымалдаушы тіркелді.

«Төтенше жағдай кезінде қоғамдық тамақтану орындары, мейрамханалар жұмысын тоқтатты, қазір де жұмыс істеп жатқан жоқ. Болжам жасау да қиын. Мәселен, небәрі 50 адамға қызмет көрсете алатын сала үшін Ресей тәжірибесі қолданыла бастайды. Ол жақтағы әріптестерімізбен сөйлесіп отырамыз. Медицинада сұраныс жоғары екенін біліп отырмыз. Сондықтан бұл нысандарды медциналық мекемеге айналдыруға болады», – дейді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының директоры Анар Даржанова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button