Жаңалықтар

Абай облысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалады

 

 

Қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 105,3 пайызды құрады. Ең көп өсім құрылыста – 131,6%, өнеркәсіпте – 102,6%, ішкі саудада – 110,5%, ауыл шаруашылығында – 106,4% тіркелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.

 

237,1 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл 2 мың отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Орташа айлық жалақы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 12,3%-ға өсіп, 340,2 мың теңгені құрады.

 

Меншікті кірістер 126,5 пайызға өсіп, облыс бюджетіне 294,9 млрд теңге түсті. 2024 жылға арналған жалпы бюджет 480,8 млрд теңге, оның ішінде меншікті кірістер 135,5 млрд теңге. Семей қаласының бюджеті 114,7 млрд теңгені құрады.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Инвестиция көлемі 1,9 триллион теңгені құрайтын 102 іс-шараны қамтиды. 2024 жылы 74 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған, оның 7-і аяқталды. 2028 жылға дейін 23 жобаны қамтитын инвестициялық пул қалыптастырылды. Нәтижесінде 7 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта 6 жоба жүзеге асырылып, 225 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін тағы 3 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button