Жаңалықтар
Республика күніне орай «Жастар Рухы» Жастар қанатының қолдауымен «Менің елім – менің туым!» акциясы барлық өңірлерде бастау алды.
Акция аясында «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының белсенділері Өскемен қаласының көпқабатты ғимараттарына көк туымызды көтерді.
Аталған акцияның мақсаты – патриотизм мен бірлікті нығайтуға бағытталған.
Осы атаулы күні Отанымыз – Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын.
Акцияға сіз де қатысып, өз үлесіңізді қосуға шақырамыз
#ЖастарРухыШҚО #RepablicDay