Басты жаңалықЖаңалықтар
Түркістан облысындағы ҰОС ардагерлері референдумда дауыс берді
Түркістан облысында ҰОС ардагерлері АЭС құрылысы бойынша өтіп жатқан референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады.
Мәселен, Сауран ауданы Ескі Иқан ауылының тұрғыны 100 жастағы ардагер Закір Мұсаев өз таңдауын жасап, өзге аудан тұрғындарын да науқанға белсене қатысуға шақырды.
Сонымен қатар, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінің №580 дауыс беру учаскесіне 98 жастағы Ахмеджан Анартаев та келіп, ел келешегіне бей-жай қарамайтындығын айтып, дауыс берді. Абыз ақсақалдарға комиссия мүшелері алғысын айтып, ақ батасын алды.
Айта кетейік, жалпы облыста 200 мыңға жуық зейнет жасындағы қарт пен ардагерлер тұрады. Оның 11-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 3,2 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері.