Басты жаңалықЖаңалықтар

Өмірін кітапханаға арнаған еңбек адамы

Бүгінде адалдықтың ақ жүгін арқалаған, қоғамның дамуына, жастардың білімді болып қалыптасуына өз үлесін қосқан кітапханашылардың бірі — сарыағаштық Гүлсара Көбенова.
Кітапханаға жаны құмар жан еңбек жолын 1973 жылы Құркелес ауылдық кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Қырық жылын ауылдық кітапхананың өсіп-өркендеуіне арнаған Гүлсара апамыз 2012 жылы абыроймен зейнетке шыққан. Өз ісінің маманы қызмет жолында ауыл әкімдерімен, зиялы қауым өкілдерімен де тығыз жұмыс істеген. Өз ісіне адал еңбекқор жан 2 рет аудандық мәслихат депутаты болып сайланған.
Өз ісінің майталманы атанған кейіпкеріміздің ұлы Өміржан Қарабасов та ана жолын қуып, өмірін кітапханашылыққа арнаған. Кітапханашылар сан түрлі кітапты күтіп-баптап ғана қоймай, көңіліне тоқып, сол алған білімін оқырмандарға ұсынып, жеткізетін мамандық иелері. Бүгінде Өміржан Рахымқұлұлының жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, оқуға көз-қарасын оятып, қызығушылығын арттыруға, әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсетуде беделді қызметтер атқарып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button