Басты жаңалықЖаңалықтар

Түркістан облысында жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр

2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының жақындауына байланысты Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) тұрғын үй секторларында профилактикалық іс-шараларды қарқынды түрде жүргізуде.

2024 жылдың 15 тамызында облыс аумағында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Аталған айлық аясында өрттің алдын алу және қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында ТЖД және Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 42 322 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың 90% тұрғын үйлерін аралап шықты.

Профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындардың өрт қауіпсіздігі туралы білімін арттыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде кеңестер беру. Өрт қауіпсіздігі айлығы аяқталғанша, аталған тұрғын үйлер толық араланып, қажетті ақпараттар мен ұсынымдар беріледі.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын сұрайды. Мысалы, жылыту құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын ескеру, жанғыш заттарды жасыру, электр сымдарының жарамдылығын тексеру сияқты негізгі ережелердің маңызы зор.
Жылыту маусымы жақындаған сайын тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан шаралар ерекше назарға алынып, ТЖД-ның қызметкерлері бұл бағытта белсенді жұмыс атқаруда. Тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін білуі мен сақтауы – олардың және олардың жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты факторы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button