Басты жаңалықЖаңалықтар

Шығыс Қазақстанда облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті

17 қыркүйекте Кәсіподақтар үйінде «Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы» АКБ-нің басшысы Темірбек Қасымжановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа үшжақты комиссия мүшелері, басқарма басшылары мен орынбасарлары, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.  Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Лайықты еңбек жылын жүзеге асыру туралы бірінші сұрақ бойынша Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Темірбек Қасымжанов баяндама жасады. Ол өз сөзінде Елбасы Жолдауының негізгі басымдықтарына, ХЕҰ Бас директоры Жильбер Ф. Унгбоның Қазақстанға ресми сапарына және «Лайықты еңбек жылын» жүзеге асырудың ағымдағы нәтижелеріне тоқталды.

«Шығыс Қазақстан облысында 2024-2030 жылдарға арналған өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын» іске асыру жөніндегі жол картасының» орындалу барысы туралы Шығыс Қазақстан облысының  Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов баяндама жасады.

Облыс бойынша Жол картасы аясында 42 кәсіпорын “VisionZero” нөлдік жарақат тұжырымдамасына қосылды. Облыстың 14 кәсіпорнында “Халықтық бақылау” жобасы енгізілді, онда денсаулық жағдайы бойынша қауіпсіз жұмыс жүргізуді бақылау және персоналды қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқыту үшін жұмысқа ауыстырылған 64 адам жұмыс істейді.  90 кәсіпорын еңбек жағдайлары бойынша 184 өндірістік объектілер мен еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарын қамти отырып аттестаттау өткізді. 17 кәсіпорын шарттық қатынастар шеңберінде тапсырыс берушіден мердігерге дейін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша бақылаудың сатылы моделін енгізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button