ҚР ОРК мүшесі А. Г. Щегорцованың қатысуымен ШҚО референдум комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті
2024 жылғы 19-20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі А.Г. Щегорцованың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысы референдум комиссияларының мүшелері үшін оқыту семинары өткізілді. Семинарға барлығы 200-ден астам адам қатысты.
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі А.Г. Щегорцова өз сөзінде үгіт-насихат жұмысы мәселелеріне, байқаушылардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өкілеттіктері туралы және мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету туралы егжей-тегжейлі тоқталды.
Оқыту семинары барысында ШҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы С. Б. Нұртазиннің “Сайлаушылар тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс, call орталық жұмысы, сервистер және дауыс беру күні”, ШҚО әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К. Т. Туткушевтың “Жарылғыш құрылғылардың салынғаны туралы анонимді хабарламаларды алу, сондай-ақ референдум учаскесінде иесіз/күдікті заттарды табу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі”, Өскемен қалалық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Н.А. Шерубаевтың “Өскемен қаласы бойынша УРК республикалық референдумына дайындық туралы”, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Р.А. Жампеисовтың, “Жүргізіліп жатқан ақпараттық жұмыс туралы” ақпараттары тыңдалды.
Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Оқыту семинарының екінші бөлімінде кейс мәселелері бойынша практикум өткізілді.
Референдум учаскелік комиссияларының жұмысымен танысу мақсатында Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі А. Г. Щегорцова Өскемен қаласының №№ 40, 2, 1136, 1181 және Глубокое ауданының Уварово ауылының № 496 референдум учаскелеріне барып, жұмысымен танысты. Сонымен қатар Облыстық референдум комиссиясында болып, мүшелерінің жұмысымен танысып, туындаған сұрақтарға жауап берді.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетінін мәлімдеді.
“Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжаты болуы тиіс.
Қосымша ақпаратпен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында танысуға болады.