2025 жылға қарай «Алматы Жылуэлектр орталығының» табиғи газға өтуі ауаға таралатын зиянды заттардың мөлшерін 48,4 мың тоннаға дейін азайтады. Бұл туралы қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты.
«Карантин кезеңі ауаның ластануының көп бөлігі көліктен екенін дәлелдеді. Шекті рұқсат етілген концентрация көрсеткіштері тұрақты 5-тен 2-ге дейін төмендеді. Кейбір заттардың индексі төмендеді, мысалы, фенол индексі 60 есе, азот диоксиді 2 есе азайды», – деді Наталья Ливинская.
Сонымен қатар, ол Алматы қаласында атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту бойынша 2020-2025 жылдарға арналған кешенді шаралар жоспары әзірленіп жатқанын атап өтті.
«2022 жылға қарай ауаға ластаушы заттардың шығарындысын 123 мың тоннадан 94 мың тоннаға дейін төмендету жоспарда. Ал 2025 жылға қарай «ЖЭО-2» газға өткенен кейін ауаға таралатын зиянды заттардың мөлшері 48,4 мың тоннаға дейін азаяды»,- деді ол.