Басты жаңалықЖаңалықтар

Тоқаев Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағын берді

Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды, деп хабарлайды janalyq.kz.

Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев 1939 жылы 17 қыркүйекте Алматы облысы Іле ауданының ҚазЦИК ауылында дүниеге келген.

1963 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін заңгер мамандығы бойынша, КСРО МҚК №302 Минск мектебін, 1971 жылы КСРО СІМ Жоғары дипломатиялық мектебін тәмамдаған. Генерал-полковник.

1991 жылға дейін КОКП мүшесі.

1956 жылдан – Алматы облысы Іле ауданының «Комсомол» ұжымшарында жұмысшы.

1957 жылдан – Алматы облысындағы Боралдай кірпіш зауытының вагоншы-жұмыскері.

1958 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті.

1963 жылдың шілде айынан бастап Алматы облыстық прокуратурасының тергеушісі.

1963 жылдың қыркүйек айынан бастап КСРО МҚК №302 Минск мектебінің курсанты; КСРО МҚК кадрлық офицері, жедел өкілден ҚазКСР МҚК Басқармасының бастығы лауазымына дейінгі қызмет жолын өткен.

1991 жылдың қараша айынан бастап Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚР МҚК Басқармасының бастығы.

1993 жылдың маусым айынан – ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары.

1993 жылдың желтоқсан айынан – ҚР ҰҚК төрағасы.

1995 жылдың қараша айынан – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы – ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы міндетін атқарушы.

1997 жылдың наурыз айынан – ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы.

1999 жылдың қазан айынан ҚР қорғаныс министрі.

2001 жылдың желтоқсан айынан ҚР Президентінің кеңесшісі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің қызметті жөніндегі комиссияның төрағасы – ҚР Президеті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссиянын төрағасы.

2002 жылдың қыркүйек айынан – «Еуро-Азия Эйр Интернэшнл» ААҚ Халықаралық еуразиялық әуе компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы.

2007-2011 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі (2002 жылға дейін).

«Даңқ» (1997), «Барыс» (2008) ордендерімен; 14 медальмен марапатталған.

«Жылдың әскери адамы» номинациясы бойынша Жыл адамы (Алтын Адам) (2000, 2001).

Басқа жаңалықтар

Back to top button