01Денсаулық

Нұр Сұлтанда ауқымды дезинфекция жасалып жатыр

20-21 маусымда Нұр-Сұлтанда ондаған дезинфекторлар, оның ішінде әскерилер және өрт сөндірушілер тағы бір ауқымды дезинфекция жүргізуде. Алдымен адам көп жиналатын Covid-19 инфекциясының ошағы болуы мүмкін орындар өңделеді: саябақтар, алаңдар, аялдамалар, автобустар, қоғамдық орындар және т.б. Сондай-ақ қаланың санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес сауда орталығы, базарлар және басқа да адам көп жиналатын орындардың басшылары жұмыс орындарында дезинфекция ұйымдастырды.

«Инфекция қаупі жойылған жоқ, жұқтырғандар саны да, өлім жағдайлары да өсуде. Егер бұрын адамдар COVID-19 туралы тек жаңалықтан білсе, қазір бұл инфекциямен туыстарының немесе достарының біреуі ауырып қалғанда, жақын байланыста болғандар тізімінде болған кезде кездеседі. COVID-19 басқа инфекциялардан науқас үшін байқалмайтынымен ерекшеленеді. «Карантиндік демалыс» деп аталатын екі күн инфекцияның таралуын баяулатады. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау керек! Себебі бұл санитарлық нормалардың сақталмауы науқастар санының көбеюіне әкеледі», – деді қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Естеріңізге сала кетейік, 20-21 маусымда қаланың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды, дәріханалар мен үй жанындағы азық-түлік дүкендерін қоспағанда, қоғамдық көліктер мен барлық кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды (жұмыс кестесі сағат 10-дан 17-ге дейін). Барлық қоғамдық орындар жабық: саябақтар, алаңдар, жағалаулар, жағажайлар және басқа да адам көп жиналатын орындар. 20-21 маусымда қала бойынша тұрғындардың жүріп-тұруы шектелген, тек жеке автокөлікпен жұмыс орнына дейін (қызмет етуге рұқсаты бар жағдайда) баруға, жақын маңдағы дәріханалар мен азық-түлік дүкендеріне шығуға, медициналық қызмет алуға ғана мүмкіндік бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button