ҰҚК арнайы операция жүргізді
ҰҚК лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдіктілердің ұсталғаны туралы хабарлады, – деп хабарлайды janalyq.kz.
Биыл тамызда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді.
“Деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылатын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды. Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдіктеліп отыр”, – делінген хабарламада.
Заттай дәлелдемелер табылды және алынған, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар.
“Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған. Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр”.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.