Қазақстандық жүргізуші inDrive-тан автокөлік ұтып алды
inDrive көлік және қалалық қызметтер платформасы Қазақстандағы серіктес жүргізушілерінің арасында автокөлік ойнатты. 2024 жылғы Geely Emgrand Luxury автокөлігін Теміртаудан келген 56 жастағы Валерий Труханов ұтып алды. Ол 4 апта ішінде 400-ден астам сапар жасаған.
Акцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген серіктес жүргізушілер қатысты. Ойын механикасы купондар жүйесіне негізделді: әр 10 сапар үшін жүргізуге бір купон, ал 100 сапар үшін “супер-купон” берілді.
Апта сайын рандомайзер арқылы қарапайым купондар арасында жанармай, OGO бонусы және сервистік қызмет көрсетудің сертификаттары сияқты құнды сыйлықтар ойнатылды. Негізгі сыйлық – автокөлік – акцияның төрт аптасында “супер-купон” иелерінің арасында ойнатылды. Жеңімпаз Валерий Труханов акция барысында 400 сапар жасап, бас жүлдені ұтып алды. Валерий inDrive платформасында 8 жылдан аса жұмыс істеп келеді.
«Мен үшін бұл автокөлікті ұтып алу зор қуаныш және құрмет! Жеңгенімді білген кездегі эмоцияларымды көрсеңіз, мен әлі күнге дейін өзімнің жеңгеніме сене алмай жүрмін. Бұл автокөлік менің өмірімнің маңызды бөлігіне айналады және көлігіммен өткізер алдағы керемет сәттерді асыға күтемін. Осы жолда маған қолдау көрсеткен барлық адамға және конкурс ұйымдастырушыларына шексіз алғыс білдіремін. inDrive платформасында 8,5 жылдан бері жұмыс істеп келемін және бұл сыйлық менің жылдар бойғы еңбегімнің жемісі болды. Рақмет!», – деді Валерий Труханов.
inDrive баспасөз қызметі мұндай іс-шаралар компания стратегиясының маңызды элементтерінің бірі екенін атап өтті.
«Біз серіктес жүргізушілер үшін лайықты жағдай жасауға талпынамыз және сервисіміз пайдаланушылардың көңілінен шығуы үшін барымызды саламыз. inDrive қызметін жақсарту үшін әр қалада осындай бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыра бермекпіз», – деді inDrive өкілі.
Бұл inDrive компаниясының биыл ойнатқан екінші көлігі. 2024 жылдың наурыз айында Ақтаудан келген Актаулық Иманат есімді жүргізуші Jac J7 автокөлігін ұтып алған болатын.