Басты жаңалықЖаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
«Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің мамандықтарыңыз терең білімді, табандылық пен асқан жауапкершілікті, туған жерге деген сүйіспеншілікті талап етеді. Маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге, Шығыс Қазақстан елді мекендерінің заманауи келбетін қалыптастыруға, қалаларымыз бен ауылдарымызда жайлы өмір сүруге барынша үлес қосып келесіздер.
Құрылысшы – деген әр заманда қажет мамандық. Халықтың әл-ауқатын арттыруда атқарып келе жатқан еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз. Біз бірге ең өршіл жобаларды жүзеге асырып, өңіріміздің игілігі үшін жаңа биіктерге жете алатынымызға сенімдімін. Еліміз өркендей берсін! Барлықтарыңызға зор денсаулық, бақыт және табыс тілеймін!»