Басты жаңалықЖаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында жаңа оқу жылына дайындық жүріп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жаңа оқу жылына дайындық бойынша кеңес өткізді.

Облыста 206 балабақша мен 180 шағын орталық бар. Орта білім беру жүйесінде 343 мектеп бар.

– Білім беру ұйымдарының барлығы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. 135 мекеме турникетпен жабдықталып, сондай-ақ мамандандырылған күзетпен де келісім-шарттары бар, – деп мәлімдеді өңір басшысына ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.

Облыс әкімі мектептердегі дабыл түймелер мәселесін шешуді талап етіп, сондай-ақ қала, аудан әкімдеріне балалардың қауіпсіздігін, мектеп маңында жаяу жүргіншілер жолының болуын және білім нысандарының маңайын жарықтандыруды жеке бақылауға алуды тапсырды.

– Балалардың қандай жағдайда оқитыны қарап бақылау жүргізу керек. Мектептерге барып, сыныптар мен дәретханаларына кіріңіздер. Мектептер сіздердікі емес деп айтсаңыздар, ол ғимараттарда кімнің балалары оқиды? – деді қала және аудан әкімдеріне өңір басшысы Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ жиын барысында жоғары оқу орындары мен колледждердің оқу жылына дайындығы талқыланды. Облыста мұғалімдер, IT және техникалық мамандары, ауыл шаруашылығы мен медицина қызметкерлеріне 270 грант бөлінген. Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы бөлінген гранттар саны бойынша елімізде екінші орында тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button