Жыл басынан бері 100-ден астам әйел Өскемен дағдарыс орталығының көмегіне жүгінген
ШҚО ПД бастығының орынбасары Қазбек Тақжанов әйелдер мен балалардың орналасу жағдайымен, сондай-ақ “Үлбі” дағдарыс орталығының тергеу іс-қимылдарын жүргізу кабинетімен танысты.
Баспана қызметкерлерінің айтуынша, биылғы жылы полицейлер басым бөлігі қиын жағдайға тап болған балаларымен бірге 100-ден астам әйелді жіберген. Қазір олармен штаттық психологтар жұмыс істеуде.
Тамақтану, қажетті гигиена құралдары ұйымдастырылған, сондай-ақ психологиялық, әлеуметтік, медициналық сүйемелдеу көрсетілуде.
Өз кезегінде полковник Тақжанов істің барлық мән-жайын анықтау үшін еңбегі маңызды білікті мамандар жұмыс істейтін осындай орталықтар жағдайында аталған істердің санаттары бойынша жәбірленушілермен тергеу іс-қимылдарын жүргізудің маңыздылығын еске салды. Сонымен қатар, олардың қолдауымен қылмыскердің психологиялық портретін қалыптастыруға болады.
Айта кетейік, өңірде осындай 6 орталық жұмыс істейді, оның 4-і тұруға арналған баспанасымен жабдықталған. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер осы орталықтарға өз бетінше жүгіне алады немесе полиция қызметкерлерінің тікелей көмегімен жасай алады.
Сонымен қатар, ШҚО Полиция департаменті кез-келген зорлық-зомбылықтың көрінісіне куә болғандардың барлығына үндемей, бей-жай қарамай, 102-арнасына жүгінуге шақырады.