Басты жаңалықЖаңалықтар

Жетісай ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Түркістан облысы Жетісай ауданы, Датқа елді мекенінде өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты рәсім жергілікті әкімдік тарапынан ұйымдастырылып, #56 С.Ерубаев жалпы орта мектебінің бұрынғы ғимараты өрт сөндіру депосына бейімделіп, қайта құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жаңа ғимаратта өрт техникасына арналған бокс, жеке құрам үшін қызметтік бөлмелер, жылу қазандығы және кезекші бөлмесі орнатылды.

Қазіргі таңда аталған ғимарат Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің есебіне қабылданып, #42 өрт сөндіру бекеті болып ресми түрде ашылды.

Ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Әскер Сексенқалиұлы Сарбатов және ардагерлер мен ауыл ақсақалдары қатысты. Олар жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы ауданның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды қадам екенін атап өтті.

Жаңа бекет өрт сөндіру қызметінің тиімділігін арттыруға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл іс-шара Жетісай ауданындағы өрт қауіпсіздігін нығайту мен төтенше жағдайларға жылдам жауап беру қабілетін арттыру үшін жасалған маңызды қадам болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button