Басты жаңалықЖаңалықтар

Түркістан облысында «Өрт қауіпсіздігі» айлығы басталды

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері облыс аумағында «Өрт қауіпсіздігі» айлығын ұйымдастырды. Бұл айлық 2024 жылғы жылыту маусымы басталар алдында, 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Айлық аясында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп, әлеуметтік жағдайы төмен 42 322 отбасына арналған тұрғын үйлер толық араланып, өрт қауіпсіздігі, улы газдан уланудың алдын алу, сондай-ақ мұржалар мен пештердегі ақаулықтардан туындайтын қауіптерді жою бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тұрғын үйлерін аралау жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар, газ инспекциясының мамандары, еріктілер және қажет болған жағдайда полиция департаментінің қызметкерлері қатысады. Бұл шаралардың мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігін сақтау, улы газдан улану жағдайларын алдын алу және жылыту маусымы кезінде өрттің шығу қаупін төмендету болып табылады.

«Өрт қауіпсіздігі» айлығының барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар мен ақпараттық материалдар таратылады. Әрбір тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттен қорғау үшін барлық қажетті шаралар қабылданады. Бұл айлықтың мақсаты – қоғамның қауіпсіздігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button