ДенсаулықҚоғамСаясат

Алаңдауға негіз жоқ – Үкібай Назарбаевтың денсаулығы туралы

ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының денсаулығы туралы сұрақтарға жауап берді.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл-күйі жақсы, сырқат симптомсыз өтіп жатыр. Дене қызуы қалыпты, КВИ-ге тән белгілер байқалған жоқ. Тұңғыш Президент дәрігерлердің бақылауында. Олардың айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ», – деді А.Үкібай.

Мәлім етілгендей, оқшаулану талабына байланысты Елбасы қашықтан жұмыс істеп жатыр.

«Бұл күндері Нұрсұлтан Әбішұлы бірқатар елдің көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Жалпы, бейнеконференция, үкіметтік арнайы байланыс сынды заманауи коммуникация құралдары қолданылып жатыр. Қызметтік құжаттарды жеткізуде де барлық санитарлық нормалар сақталады. Азаматтардың үндеуі мен хаттарын жедел түрде электронды форматта жіберуге тырысамыз», – деді Айдос Үкібай.

Айта кетейік, Елбасының баспасөз хатшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Covid-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді.

«Ай басталғалы Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесі өте тығыз болды. Елбасы екіжақты келіссөздер жүргізіп, ресми тұлғаларды қабылдады. Оған қоса, Тұңғыш Президент отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Жалпы алғанда телевизиялық түсірім үшін 40 адам жұмыс істеді, оның ішінде шет елдің азаматтары да бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайын медицина қызметкерлері бақылап отыр. Алаңдауға негіз жоқ. Елбасы заманауи коммуникация арналарын пайдаланып қашықтан жұмыс істеп жатыр», – деген болатын А.Үкібай.

Басқа жаңалықтар

Back to top button