Жанкош Тұраров қыз қорлады деген күдікке ілінде
Белгілі қазақстандық боксшыға қыз зорлады деген айып тағылды, – деп хабарлайды janalyq.kz.
Әлеуметтік желіде 1996 жылы туған қыздың Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясына зорлау туралы арыз бергені туралы ақпарат пайда болды. Ол мәлімдемені бірінші жартылай орта салмақтағы IBO нұсқасы бойынша бокстан белгілі қазақстандық боксшы – әлем чемпионы Жанкош Тұраровқа жасаған.
Алматы полициясы бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
“Келіп түскен арызға байланысты Әуезов ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр”, – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Тұраров 2009 жылдан бері кәсіби рингте өнер көрсетіп келеді. Жеңіліссіз 28 жекпе-жек өткізді, оның 20-ын нокаутпен жеңді. 2023 жылы Алматыда мексикалық Алехандро Менесеспен жекпе-жекте IBO нұсқасы бойынша бокстан әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Үйленген, балалары бар.