Басты жаңалықЖаңалықтар
Шетелдіктер есірткінің рекорд партиясын шекарадан өткізбек болды
ҰҚК Шекара қызметі есірткінің рекорд партиясын Мемлекеттік шекара арқылы алып өтудің жолын кесті, – деп хабарлайды janalyq.kz.
Сонымен, биыл 31 мамырда Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркілеген.
“Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы 775 келі болған. Табылған есірткінің “қара” нарықтағы құны 15 миллион АҚШ долларынан асуы мүмкін. Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды”, – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.