Басты жаңалықЖаңалықтар

Шығыс Қазақстанда өрт қаупі сақталады

Облыс әкімдігінде өрт қауіпті кезең мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Өрт сөндіру бекеттерін құруға, оларды жарақтандыруға және жауынгерлік әзірлікке, сондай-ақ ормандарда, темір жолдар мен автомобиль жолдары маңында минералданған жолақтарды салу және оларды күтіп ұстау жұмыстарына ерекше назар аударылады. Өртті ерте анықтау жүйелерін енгізу мәселелері қарастырылып жатыр.

Құрғақ және ыстық ауа райына байланысты өрт қаупі сақталуда. Өрттің алдын алу мақсатында 946 рейд жүргізілді.

Барлығы 8 орман өрті тіркелді, олардың жалпы ауданы 0,3 гектарды құрады. Далалы жерде 16 жану оқиғасы тіркелді. Өрт аумағы 52,4 гектарды құрады. ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелері, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп профилактикалық рейдтерді жалғастыруда. Шығыс Қазақстанда өрттің алдын алу мақсатында 52 мобильді топ жұмыс істейді, олардың құрамына орманшылар, ТЖД, полиция, Ішкі істер министрлігі қызметкерлері кіреді. Уақытылы жүргізілген алдын алу шараларының арқасында жасақтар 40-тан астам тәртіп бұзушыны анықтап, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Өрт қауіпті кезеңде ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде мемлекеттік қызметте 1300-ден астам жеке құрам мен 240 техника,
тікелей өрт ошағын тексеретін және өрттің көлемін анықтайтын 9 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Аймақта дала өрттерін бақылауға және сөндіруге 5 ұшақ жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы органдар құрамында 114 бригадасы, 935 адамы, 28 өрт сөндіру бригадасы және 145 бейімделген техникасы бар қоғамдық бірлестік нысанындағы 4 ӨСБ құрды, сондай-ақ 46 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button