ДенсаулықҚоғам

Covid-19-ға тест сынамаларын кімдер тапсырады

Елімізде инфекциялық стационарларға коронавирус инфекциясы расталған азаматтарды жатқызуға арналған 35 226 төсек орын бар. Оның 37 пайызы бос емес, ал, 63 пайызы – бос. Сондай-ақ, елімізде өкпені жасанды желдетудің 3 294 стацинарлық аппараты бар. Осы уақытқа дейін 1,2 миллион қазақстандық covid-19-ға тест тапсырған.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева мәлімдеді.

Сондай-ақ, Ләззат Ақтаева халықты себепсіз ПТР тесттен өтпеуге шақырып, тапсырылған тест сынамаларының саны бойынша 100 мың адамға есептегенде Қазақстан күніне 7 мың адамды тесттен өткізгенін хабарлады.

«Мәселен, Австрия мен Канадада күніне 100 мың адамға шаққанда 6 мың адам коронавирусқа тест сынамаларын тапсырған. АҚШ-та бүл көрсеткіш күніне 8 мың адамды құрайды. Қазақстандықтарға тек клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша белгілер болған жағдайда тест тапсырылуы керектігін еске салғым келеді. Негізінен тесттен медициналық ұйымдардағы инфекциялық және провизорлық стационарларға жатқызылған, ЖРВИ, пневмония белгілері бар немесе КВИ жұқтырған, медициналық бақылаудағы адамдар өтеді», – деді Ләззат ханым.

Covid-19-ға тест сынамаларын кімдер тапсыруы қажет?

Ләззат Ақтаеваның айтуынша, негізінен эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша науқастармен жақын қарым-қатынаста болған азаматтар, стационарға жоспарлы немесе шұғыл түскен пациенттер, медициналық-әлеуметтік мекемелерге түскен азаматтар тесттен өтуі тиіс. Сынама тапсырушылардың да бірнеше санаттары болады. Шетелден келген азаматтар, жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері мен әскерге шақырушылар айына бір рет тест тапсырады. Алайда вирус симптомдары, тест тапсырушылар санатында жоқ азаматтардың сынама тапсыруына асықпауына болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button