Басты жаңалықЖаңалықтар

Қазақстанда АИТВ жұқтырған қанша бала бар?

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүріп жатқан қанша бала бар екенін айтты, – деп хабарлайды janalyq.kz.

Қазіргі уақытта республикада барлығы 30 984 АИТВ жұқтырған қазақстандық диспансерлік бақылауда.

“Оның ішінде ерлер – 18 740 (60,5 пайыз), әйелдер – 12 244 (39,5 пайыз). Оның ішінде АИТВ-мен өмір сүріп жатқан 298 бала қаралады”, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz ресми сұрауына жауап ретінде.

АИТВ жұқтырғандардың көпшілігі Алматы және Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарында тұрады.

Сондай-ақ, биыл АИТВ жұқтырған адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 11,1 миллиард теңге бөлінгені белгілі.

Айта кетейік, жақында Қазақстанға “АИТВ жұқтырғандар” терминінен бас тарту ұсынылды. “АИТВ жұқтырған адам” дегеннің орнына “АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адам” деп жазуды ұсынады. Бұл өзгеріс БҰҰ-ның АИТВ мәселелері бойынша құжаттар мен заңнамада терминологияны қолдану жөніндегі ұсынымдарына сәйкес енгізіліп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button