ДенсаулықТехнология

Медициналық бетперде өндіретін 4 жаңа кәсіпорын іске қосылады

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Қазіргі уақытта ішкі нарықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында отандық өнімдерді шығару бойынша өндірістік қуатты ұлғайту жалғастырлып жатыр.

Медициналық маскалар өндірісі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше 6 айға бетперделеге деген қажеттілік 111,2 млн. дананы құрайды. Бүгінгі таңда 9 отандық кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 490 мың дана медициналық маскала шығаруға мүмкіндік береді.

Өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында жыл соңына дейін 4 жаңа кәсіпорын ашу жоспарланып отыр. Осы жобаларды іске қосу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндіріс көлемін ұлғайту тәулігіне
1,1 млн. дана маска шығаруға мүмкіндік береді.

Көп реттік маскалар өндірісі

Жалпы алғанда халықтың бетпердеге деген қажеттілігі осы кезеңде (6 айда) 144 млн. дананы құрайды. Бүгінде барлық бетперделердің тәулік сайынғы көлемі 413 мың дананы құрайды. Халықты қажетті бетперделеремен қамтамасыз ету үшін тігін кәсіпорындары есебінен көп мәрте қолданылатын, алдын алу, қорғау маскаларының өндіріс көлемін тәулігіне 800 мың данаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдар тігін кәсіпорындарымен көп мәрте қолданылатын маскалар қорын құру бойынша жұмысты бастады.

Медициналық қолғаптар өндірісі

Медициналық қолғаптарға қажеттілік 83,7 млн.жұп қолғап құрайды. Қазіргі уақытта екі кәсіпорын тәулігіне 330 мың жұп қолғап шығарады. Әрі қарай өндіріс көлемін тәулігіне 460 мың жұпқа дейін арттыру жоспарда бар.

Қорғаныс костюмдері бойынша

Қорғаныс костюмдерінің 6 айға қажеттілігі 1,3 млн. дананы құрайды. Өндіріс көлемін арттыру үшін ағымдағы жылдың соңына дейін 3 жаңа кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл шаралардың барлығы қорғаныс костюмдерін өндіру көлемін айына 800 мың данаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Өкпені жасанды желдету аппараттары өндірісі

Бүгінде 380 бірлік өкпені жасанды желдету аппараты өндірілді, оның ішінде 164 бірлік жөнелтуге дайын, 216 бірлік зауыттық сынақтардан өтуде. Қалған 200 бірлік ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін тапсырылады. Стационарлық аппараттарды қосымша шығару мақсатында түрік және қытай серіктестерімен өндірісті игеру жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласында «БАРК Технолоджи» ЖШС отандық жоғары технологиялық жобасы әзірленуде Ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін компания өз әзірлемелерін аяқтайды және ақысыз негізде ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне тестілеу үшін 20 аппарат береді. Қалған 112 бірлік ағымдағы жылдың тамыз – қыркүйек айларында шығарылады.

Айта кету керек, «Қазмедтприбор» ЖШС, «ОралМедРегион» ЖШС өкпені жасанды желдету аппараттарын шығаруға барлық техникалық базасы бар және олар қажетті өнім шығаруға дайын.

Фармацевтикалық саладағы мемлекеттік қолдау шараларының бірі – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұзақ мерзімді шарттар жасасу. Сондай-ақ, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында жергілікті атқарушы органдар отандық кәсіпорындардың өнімдеріне баса назар аударуы тиіс. Бұл кәсіпорындарға өндірістік қуаттарын арттыруға және жаңа өндірістерді іске қосуға серпін береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button