Түркістан облысы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспарлы комиссия отырысы өткізілді
2024 жылдың 19 шілде күні Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Сансызбайұлы Жолдасовтың төрағалығымен жоспарлы Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.
Комиссия отырысындағы күн тәртібінде 3 сұрақ қаралды:
- Газ құю станцияларындағы және газ тарату құрылғыларындағы қауіпсіздік ережелері;
Газ қондырғыларын пайдалану кезінде өрт фактілері мен төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі газ құралдарын пайдалану кезінде төмендегідей ережелерді сақтауларыңызды сұрайды:
-2 қабаттан жоғары қабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз;
-үй-жайларды өз бетімен газдандыруды, газ аспаптарын, баллондар мен тиек арматурасын ауыстыруды және жөндеуді жүргізбеңіз;
-Жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;
-газдың шығуын тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыз (осы мақсатта сабын ертіндісін пайдаланыңыз);
-газ аспаптарын пайдалануға балаларды жібермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;
Газ жабдығын орнату кезінде жиһаз бен басқа да жанғыш материалдарын келесі қашықтықты сақтаңыз;
-ең жақын тік бетке дейін көлденеңнен 0,2 м кем емес;
-оның үстіне жақын орналасқан көлденең бетке дейін тігінен 0,7 м кем емес;
-жылыту радиаторларынан басқа да жылыту аспаптары мен пештерінен кемінде 1 м;
-ашық отпен жылу көздерінен кемінде 5 м.
Автожанармай құю станцияларында газ баллондарын құюға болмайды!
газ ағып кеткен жағдайда:
-газ беруді жабыңыз;
-терезелер мен есіктерді ашыңыз;
-сіріңкені, оттықтарды жақпаңыз, жанып тұрған темекімен бөлмеге кірмеңіз;
-жарық пен электр құралдарын қоспаңыз;
-егер газ жанса, отты шығармаңыз –газ жанғанша, жарылыс үшін қауіп жоқ.
-Тұрмыстық газ жабдығын жоғары қабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз;
– Терезеде алдындағы қауіпсіздік ережелері;
Барлық ата-ана сақтауы қажет ережелер:
– Терезе 12,5 см-ден бастап ашық тұрса, бала терезеден құлап кетуі мүмкін. Сізге бала ол қашықтыққа сыймайтындай көрінсе де, одан артық ашпаңыз.
– Барлық терезеге оны 12,5 см-ден артыққа ашқызбайтын ілмек немесе қоршау қою керек. Оларды жиһаз дүкендерінен немесе қарапайым гипермаркеттерден сатып алуға болады. Сондай-ақ, ашылатын терезенің тұтқасын алмалы-салмалы етіп жасатуға болады: сол кезде бала терезені аша алмас үшін тұтқасын алып тастау жеткілікті.
– Мүмкін болса, терезенің тек жоғарғы бөлігін ашқан жөн.
– Баламен терезенің алдында ойнамаңыз. Даладағы көліктерді, адамдарды көрсету үшін баланы терезенің алдына отырғызбаңыз. Ол қасында сіз жоқ кезде де солай отырып көруге болады деп ойлайды.
– Үстіне оңай шығатын жиһазды терезенің қасына қоймаңыз. Жалпы, бала жалғыз ойнап отқан бөлмеге ол оңай көтере/ысыра алатын орындықты қалдырмаңыз.
– Москит торға сенбеңіз. Бұл ата-ананың көпшілігі жіберетін қателік. Москит тор бала салмағын көтермейді.
– Жалюздің баулары мен шынжырлары төмен салбырап тұрмауы керек: олар балаға терезенің алдына шығуға көмектеседі.
– Балконға әйнек салу керек.
– Аз уақытқа болса да балаларды үйде жалғыз қалдырмау қажет.
Бала ата-анасының және отбасыдағы басқа да ересек адамдардың әрекетін қайталайтынын және олардан үлгі алатынын ұмытпаңыз. Сондықтан өзіңіз де терезенің алдына отырудан, терезеден басыңызды шығарып, төмен салбырап қараудан және терезе арқылы даладағы адаммен сөйлесуден аулақ болыңыз. Әрдайым терезеге алыстан қарап, қатты жақындауға болмайтынын түсіндіріп жүріңіз.
- Лифтідегі қауіпсіздік ережелері:
- Лифті тоқтап қалса, қорықпаңыз.
- Біріншіден, ол төменге құлап кетпейді. Барлық лифтілер арнайы ұстап тұратын механизммен жабдықталады. Лифті қалыптағы жылдамдықтан артық қозғалысқа түссе, механизм оны автоматты түрде тежейді.
Лифтіні қолданарда қандай қауіпсіздік ережелерін білу керек?
- Кез келген тұрғын үйдің бірінші қабатында лифтіні қолдану туралы нұсқаулық болады. Оны оқып шығуға ерінбеңіз. Нұсқаулық ойда бірден сақталады әрі қажет уақытында есіңізге түседі. Бұған сенімді болыңыз.
- Тұрғын үйлердің көбінде әлі де ескі лифтілер қолданылады. Олардың есігі адамның көмегі арқылы жабылады. Лифтіге мініп, өзіңізге қажетті қабатты таңдағаннан кейін, есіктің мықты жабылғанына мән беріңіз.
- Көп адам жіберетін қателік: лифт ішінде тұрғаныңызда, ол істен шықса, өз күшіңізбен шығуға талпынбаңыз. Біріншіден, сабыр сақтап, «диспечерді шақыру» түймесіне басыңыз. Есігін қағып, сырттағы адамдарды көмекке шақырыңыз. Сіздің дауысыңызды еститін жан табылады. Күшіңіздің көп екеніне қаншалықты сенімді болсаңыз да, есікті өз қолыңызбен ашуға тырыспаңыз. Дәл осылай істеймін деп, шахтаға құлағандар жайлы қайғылы фактілер аз емес.
Балалардың лифтіні қолдануға қатысты сақтық ережелері
- Балалардың лифтіге ересек адамдармен бірге кіргені дұрыс. Кабинаға бірінші үлкен адам, одан кейін бала кіруі керек. Шығар кезде керісінше бала бірінші, одан соң ересек адам соңынан шығуы қажет.
- Қауіпсіздік үшін баланың қолынан ұстап тұрған жөн.
- Лифтіде баланың ойнап, секіруіне, түймелерді бейберекет басуына жол бермеңіз.
- Балаға лифт тоқтап, істен шыққан жағдайда диспечерді қалай шақыру керегін көрсетіңіз.
- Баланың бөгде адаммен бірге лифтіге кіруіне тыйым салыңыз. Дұрысы, жаяу шығып-түсуі керек немесе лифттің қайта келуін күтуі қажет.
Сенімсіздік тудыратын бөгде адаммен бір лифтіде болғанда не істеу қажет?
Лифтіге мініп-түсу аз уақытқа ғана созылғанымен, әккі қылмыскер үшін бұл уақыт та жеткілікті. Сол себепті сырт келбеті сенімсіздік тудыратын бөгде адаммен бір лифтіге тап болғанда, мыналарды есте сақтаңыз:
Лифтіге қауіпті адамның кіргенін аңғарсаңыз, бірден бірнеше қабаттың түймелерін басып тастаңыз. Есіктің жиі ашылғаны Сіздің пайдаңызға асады.
Лифтіде өрт шықса, не істеу керек?
- Жүріп бара жатқан лифтіден өрт шықса, оны өзіңіз тоқтатуға тырыспаңыз. Өзіңіз баратын қабатты күтіңіз немесе ең төменгі қабатқа түсіңіз. Кабинадан шыққан кезде, лифтті блоктап тастаңыз. Осылайша, Сіз өзгелерді де өміріне төнген қатерден сақтайсыз.
- Маман келгенше өртті сөндіруге үлес қосыңыз. Есте сақтаңыз: лифтідегі өртті өзге де электр құралдарындағыдай сумен өшіруге болмайды. Оны құм, топырақпен ауыздықтауға тырысыңыз. Егер олар жоқ болса, дымқыл, қалың матаны, ұнтақ немесе көмірқышқылды өрт сөндіргішті қолданыңыз.
- Өртті сөндіру үшін кабинаға кірмеңіз! Оның өздігінен қозғалып кетпесіне кепілдік жоқ.
- Егер лифт автоматты түрде ашылып, жабылатын болса, өрт шыққан кезде қолыңыздағы икемге келетін заттармен (қолшатар, кілт, т.б.) есікті ашуға тырысып көріңіз.
- Егер лифт есіктері автоматты болмаса, ісіңіз жеңілдейді. Оның ішкі есіктерін ашыңыз, ішкі есікте тұрған роликті тетікті басыңыз. Сыртқа шығуға мүмкіндік пайда болады.
- Маманның көмегінсіз сыртқа шығар кезде, абай болыңыз. Жоғарыда тұрғаныңызды ұмытпаңыз. Асықпай, еппен, шахтаға құлап кетпейтіндей қимылдаңыз.
- Егер өздігіңізден шыға алмасаңыз, сабыр сақтап, көмекке келетін адамдарды күтіңіз. Мұрныңызды киіміңізбен болсын жауып алыңыз.