Түркістан облысы шомылу маусымы бойынша брифинг өткізілді
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің базасында жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік мәселелері бойынша брифинг өтті. Аталған іс-шараның спикері Түркістан облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дуйсен Оразгелды болды.
Өз сөзінде ол облыс аумағында жаппай демалуға арналған 27 орын белгіленгенін атап өтті. Бүгінгі таңда облыс аумағында 25 жағажай жұмысын жүргізуде, оның 7 коммуналдық, ал 13 жекеменші жағажайлар.
Сонымен қатар, Арыс қаласы мен Сауран аудандарында қосымша коммуналдық жағажай ашу жұмыстары жүргізілуде. Шомылуға тыйым салынған су объектілерінде 111 орын.
Құтқару бекеттер, патрульдер жүзу құралдарымен, Александров ұштарымен, құтқару шеңберлерімен, жилеттермен, ысқырықтармен және дауыс зорайтқыш құралдарымен жабдықталған.
Шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 2 мыңнан астам рейд жүргізілді, халықпен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, 35 мыңнан астам жадынама таратылды, 412-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке 38 жеке тұлға және 1 жеке кәсіпкер тартылды.
Статистика көрсеткендей, судағы оқиғалар көп жағдайда адамның кінәсінен, өз күштерін қате бағалау, мас күйінде болу және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру нәтижесінде болады. Барлық адам өлімі шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркелді. Соңында спикер азаматтар үшін, сондай-ақ ресми шомылу орындарының иелері үшін қауіпсіздік талаптарын жеткізді.