Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс аумағындағы егіс алқаптарының шаруа қожалықтарына 136 рет өрт қауіпсіздігі бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді
Төтенше жағдайлар, полиция қызметкерлері шаруа қожалықтарына ерекше назар аударылды.
Оларды егілген алаңдарда, бау-бақша учаскелерінің айналасында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырылып, 5000-ға жуық жаднамалар таратылды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері егіс алқаптарының айналасында жыртылған жерлерді сапалы жүргізу егістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін және өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жыртылған жерлердің ені 4 метрден кем болмайтынын атап өтті. Бұл ретте азаматтардың өздері өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын сақтаулары және қырағылық танытуы тиіс.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Өрт- тілсіз жау.
Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақтамаған кезде болып тұратын жайт. Оны болжау да, дәл айту да мүмкін емес.
Өртке байланысты негізгі, әрі қысқаша мағлұматтар
өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану;
Ерікті өрт сөндіруші – өрттің алдын алу және (немесе) сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде (еңбек шартын жасаспай) тікелей қатысатын азамат;
өртке қарсы ерікті құралымдар – азаматтардың елді мекендерде және ұйымдарда өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға қатысу нысаны;
Өртке қарсы қызмет – белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, өрт сөндіру органының және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдарының күштері мен құралдарының, соның ішінде өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға, олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өртке қарсы құрылымдардың жиынтығы.