Басты жаңалықЖаңалықтар

Түркістан облысында кешенді оқу-жаттығулар өтті

Сауран ауданының аумағында ауданның басқару органдарымен және азаматтық қорғау күштерімен бірлесіп кешенді оқу-жаттығулар өтті.    

 ТЖД қызметкерлері азаматтық қорғау қызметтерімен, ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдерімен азаматтық қорғаныс жоспарын және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын ресімдеу бойынша теориялық сабақтар, сондай-ақ топографиялық карталарда жұмыс жүргізді.      

Практикалық дағдыларды жетілдіру мақсатында 7 кіріспе пысықталды. Олар ғимаратта өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді, ерікті өрт сөндіру жасақтарын дала өрттерін сөндіруге жұмылдыруды, аса қауіпті жұқпалы індет оқиғасы орын алған жағдайда емдеу-профилактикалық мекемесін эпидемияға қарсы кезеңге ауыстыруды, аса қауіпті аурулар орын алған жағдайдағы іс-қимылдарды көрсетуді, эвакуациялық қабылдау және зардап шеккен халықты уақытша қабылдау бекеттерін жаюды, жеке қорғану құралдарын тарату бекетін жаюды, радиациялық-химиялық бақылау бекетін орналастыруды қамтыды.

Өткізілетін кешенді оқу-жаттығудың мақсаты аудандық азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуінің әртүрлі режимдерінде авариялық-құтқару қызметтерінің басқару органдары, күштері мен құралдары басшыларының дағдылары мен іс-әрекеттерін оқыту және пысықтау, олардың бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру болып табылады.

Оқу-жаттығулар қызметтер мен ұйымдар басшыларының практикалық іс-қимыл элементтерін пысықтаумен, аудандық азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуінің әртүрлі режимдерін және азаматтық қорғауға әзірлік дәрежелерін енгізу кезінде азаматтық қорғау құралымдарымен, сондай-ақ бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар туындаған кезде мүмкін болатын жағдайларды модельдеумен екі кезеңде жүргізіледі.

Аудан аумағында бар электр сиреналары мен дауыс зорайтқыштардың жұмысқа дайындығы тексерілді. Аудандық шұғыл әрекет ету жиынтық отрядының және адамдарды іздеу және құтқару командасының байқауы өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері басшыларының ТЖ режимінде іс-шараларды орындау бойынша тыңдаулары өткізілді.

Кешенді оқу-жаттығудың бірінші күнінің қорытындысы бойынша бейбіт уақыт жағдайында ауданның барлық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы бағаланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button