Басты жаңалықЖаңалықтар
Трамп қастандық әрекеттен кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты
АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп қастандық жасалғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты, – деп хабарлайды janalyq.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Трамп Висконсин штатының Милуоки қаласында өткен Республикалық партияның ұлттық құрылтайына қатысты, онда ол ресми түрде президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.
Ол Ли Гринвудтың “Боже, благослови США” әні фонында сахнаға шықты. Трамптың құлағы таңылғаны байқалады. Содан кейін президенттікке үміткер қастандық әрекетінен кейін жасаған қимылын қайталады: жұдырығын көтерді.
Трамп сөз сөйлеген жоқ, бірақ басын иіп, бірнеше рет “Барлығыңызға рақмет” деп алғыс айтты.