Басты жаңалықЖаңалықтар

inDrive.Межгород сауалнама: Қазақстандықтар Ирина Кайратовнаны сапарлас ретінде таңдауды жөн көреді және радиодан Тейлор Свифттің әндері ойнап тұрғанын қалайды

Қазақстан тұрғындары сапарға қай музыканттармен бірге шыққысы келетінін айтты

inDrive қазақстандықтардың музыкалық қалаулары туралы әзіл түріндегі қызықты зерттеу жүргізді. inDrive.Межгород командасы inDrive қосымшасында сауалнама жүргізіп, жолаушылардың кімдермен сапарлас болғысы келетінін анықтады. Нәтижесінде, Қазақстанда танымал әртістер мен музыканттар көш бастап тұр. Сауалнама күтпеген жағдайлар мен драмасыз да болмады.

Сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың көбі қалааралық сапарға Ирина Кайратовна тобымен  шыққысы келеді екен. Музыканттарға жолаушылардың 30% дауыс берген. Бір қызығы, бұл топ дизлайктар бойынша да екінші орында тұр (19%). Жолаушылар Ирина Кайратовнаның “5К”-сы (бес мыңы) inDrive.Межгородқа жол ақысын төлеуге жетпейді деп ойласа керек.

Скриптонитпен сапарлас болғысы келгендер 17%-ды құрады. Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген небәрі 14% жинады. Ерке Есмаханның “Қайда” әні ел аузынан түспейтін хитке айналып кеткенінің арқасында, 9% жолаушылар әншімен бірге өз махаббатын іздеп Қазақстан қалаларына саяхаттауды армандайды екен. Рейтингті жас инди орындаушы Ayau аяқтайды, оны  қосымша пайдаланушыларының 8%таңдапты.

Сөйтіп, қалааралық авто сапарда жолаушылар Қайрат Нұртаспен көрші отырғысы келмейтін болып шықты (27%). Бұл пайдаланушылардың сүйікті халық әртісінің кейінгі кездері қоғамдық жерлерде көзге түсіп қалған ұнамсыз қылықтарына байланысты болуы мүмкін. Ол бір жыл ішінде екі рет ұсақ бұзақылық жасап, сол үшін жауапқа тартылған: көктемде сахнада балағат сөздер айтса, жақында ұшақ бортындағы төбелесі жария болғаны белгілі.

 

Топ-рейтинг

1. Ирина Кайратовна 30%

2. Қайрат Нуртас 21%

3. Скриптонит 17%

4. Димаш Құдайберген 14%

5. Ерке Есмахан 9%

6. Ayau 8%

Анти-рейтинг

1. Қайрат Нуртас 27 %

2. Ирина Кайратовна 19%

3. Скриптонит 15%
4. Ерке Есмахан 15%
5. Димаш Құдайберген 14%

6. Ayau 9%

Компанияның баспасөз қызметі: «Музыкантты сапарлас ретінде таңдағаннан гөрі, оның көлікте ойнап тұрған музыкасының ұнауы әлдеқайда маңыздырақ, ал қалааралық сапарларға сүйікті достарыңмен саяхаттауға мүмкіндігің болғанына не жетсін» деген пікір айтты.

Сауалнама inDrive қосымшасында 2024 жылдың мамырында жүргізілді, сауалнамаға 1000 адам қатысты. Зерттеу барысында inDrive.Межгород командасы басқа да қызықты жайларды анықтады. Әрбір екінші жолаушы жүргізуші қосқан әуенді тыңдағаннан гөрі, өздері қалаған музыкасын құлаққаппен тыңдағанды жөн көреді екен (48%). Оған қоса 6% жолаушы музыка орнына өзін-өзі дамытуға басымдық беріп, подкасттар мен аудиокітаптар тыңдағанды жөн санайды. Ал әрбір бесінші жолаушы үшін жолда тыңдауға ең жақсы әндер «сүйікті» той әндері болып шықты.

Біздің пайдаланушыларға басқа қалаға сапарды еске түсіретін әндер арасында “Тихий огонек моей души” (Сәлем, жүк тасушылар!) мен Тейлор Свифт және Билли Айлиш әндері де бар.

Сонымен қатар, inDrive Quest Consulting-пен бірлесіп, 18-24 жас аралығындағы жастар арасында тағы бір зерттеу жүргізді. Фокус топтардың нәтижелері бойынша, жас қазақстандықтар белсенді, олар бар ынтасын отбасы мен табыс табуға бағыттайды. Олар туыстарын жиі аралап, достарымен саяхаттағанды және музыкалық фестивальдарға қатысқанды ұнатады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button