01Мәдениет

Елордалық жасөспірімдер «Бәріміз теңбіз, біргеміз» әнімен қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Бұл ән халық арасында махаббат пен теңдіктің әнұранына айналды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бейбітшілік және Келісім сарайының «Туған жер» шығармашылық студиясы оқушылары қазақстандықтарға ерекше сый жасады. Әр жастағы түрлі ұлт өкілдері «Бәріміз теңбіз, біргеміз» әнін бірге орындады.

Ән авторлары – Анастасия Чеважевская және Лиза Васильева.

«Біз Қазақстан халқына ерекше құттықтау жолдағымыз келді. Мәтінінде біз ұлтымызға, ұстанатын дінімізге, түр-түсімізге қарамастан, бәріміз теңбіз делінген ән арнадық»,- деді «Бебітшілік және Келісім сарайы» МКҚК директоры Дилбар Амирова.

«Біз Қазақстанның ұлттық және діни ерекшеліктерге қарамай, халықты бірлікке шақыру саясатын жалғастырғанын қалаймыз. Барша қазақстандықтарға бейбітшілік пен келісім тілейміз», – деді Д.Амирова.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – мемлекеттік мереке, ол 1996 жылдан бастап атап өтіле бастады. 1995 жылы 18 қазанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button