Ордабасы ауданының тұрғындарына қауіпсіздік шаралар туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы Жастар сарайында Амангелді Иманов және Қ. Бектаев атындағы жалпы орта білім мектебінің оқушыларына шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралар туралы және «Өрт қауіпсіздігі», «Судағы қауіпсіздік», Орман дала өрттерін алдын алу шаралары бойынша Аудандық прокуратура қызметкерлерімен Төтенше жағдайлар бөлімі, Өрт сөндіру бөлімі, Полиция бөлімі қатысуымен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өзен бойында рейд жүргізу және барлық су айдындарының жағасын аралау секілді профилактикалық іс-шараларды күн сайын жүргізуде.
Жалпы суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
– Ең алдымен рұқсат етілген жерлерде ғана шомылыңыз.
– Шомылатын орынға тыйым салынбағанын тексеріңіз.
– Шомылатын орынның тереңдігін біліп алыңыз.
-Тамақтанып болғаннан соң бірден суға беттемеңіз.
-Су ішінде алысып ойнамаңыз.
-Еш уақытта қараңғы уақытта, сондай-ақ, масайған күйінде шомылмаңыз.
-Егер жалғыз шомылсаңыз, жақсылап ой таразысына салыңыз, төтенше жағдай бола қалса, сізге кім көмектесетінін ойлаңыз.
– Тым ұзақ шомылмаңыз, тоңып қалуға дейін жеткізбеңіз, аяқ – қолыңыздың тырыспауын қадағалаңыз;
-Қоршау белгілерінен алыстап кетпеңіз.
-Шомылу кезінде судың суық болмауын байқаңыз. Себебі, суық суда тоңудың әсерінен өлім саны көп болады. Суық суға түскен адам 10 – 30 минутта суық өтіп қайтыс болады. Организмнің тез салқындауы ашыққан кезде, тым тойынған кезде, шаршаған кезде және адамның мас күйінде болады.
-Балаларға көңіл бөліңіз, үлкендердің қарауынсыз жеке қалдырмаңыз, шомыла білмейтін балаларды суға мүлдем жақындатпаңыз.
Суға бату-суға батқан адамдардың демалу жолдарына сұйықтықтың толып қалуының нәтижесінде демалу бұзылып, тұншығудың болуы. Зардап шеккен адамның терісі бозарады, беті мен ерні қарайып кетеді, дем алмайды, тамыр соғуы өте әлсіз болып (немесе мүлдем болмайды), аузы мен мұрын қуыстарында көпіршіктер ағады. Бұл кезде зардап шеккенді қараусыз қалдыруға болмайды. Кез келген сәтте жүрегі тоқтап қалуы немесе бас миының және өкпесінің ісінуі өршіп кетуі мүмкін.
Зардап шеккен адамға көмек көрсетерде өз қауіпсіздігіңізді естен шығармаңыз. Сабыр сақтап, егер суға кетуші су бетінде болса, онда оны артқы жағынан ұстау қажет. Ал суға кетсе судың астынан іздеп, шашынан не қолынан тартып, су бетіне шығару керек. Өзіңіз не айналадағылардан «Жедел жәрдем», яғни «103-ті» шақыртыңыз. Алғашқы медициналық көмекті 4-5 минут ішінде көрсетіп үлгеру керек. Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсету мүмкіндігінше тездетіп оттегі жеткіліксіздігін қалпына келтіруден тұрады.
«Су – тілсіз жау». Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау болып табылады.Осы айтылған барлық қауіпсіздік шаралары мен ережелерін қатаң сақтайтын болсаңыздар, өздеріңізді, барлық жақындарыңыз бен достарыңызды қауіп-қатерден аман алып қала аласыз. «Өз өмірің өз қолыңда» екенін ешқашан естен шығармаңыз.