Басты жаңалықЖаңалықтар

Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі “Ашық есік” күнін өткізді

Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі, білім бөліміне қарасты мектеп оқушыларына №12ӨСБ-нің  бір күнгі  тақырыбында “Ашық есік” күні өткізіліп, Құтқарушылардың күнделікті тыныс тіршілігімен және өрт техникалық құрал жабдықтарымен таныстырып өтті.

Балаларға өрт сөндірушілердің тәулік бойы кезекшілік атқаратын жағдайлары көрсетіліп, өрт сөндіру техникасының, жауынгерлік киімнің мүмкіндіктері туралы айтылды. ТЖ қызметкерлері балаларға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін еске салды: сіріңкемен ойнауға, шөпті өртеуге болмайтындығына назар аударды.

Сонымен қатар, оқушыларға “101” және “112” құтқару нөмірлері туралы еске салынды, сондай-ақ бұл телефондармен ойнауға болмайтынын ескертті.Қауіпсіздік сабағы қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы болуы үшін өрт сөндірушілер өртті сөндіру ережелерін әр түрлі материалдармен өрт сөндіргішпен, тығыз матамен және су сөндіру әдістерін көрсетті. Өрт сөндіру техникасы балаларды қатты қуантты: олар үлкен қызыл машиналарға қуана-қуана мініп, өрт сөндірушілердің жабдықтарын сынап көрді және естелік ретінде суретке түсті. Сондай-ақ өз әсерлерімен бөлісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button