Басты жаңалықЖаңалықтар

Мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілері Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде оқудан өтті

Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықты төтенше жағдайлар мен түрлі оқиғалардан қорғау өзекті болып қала береді.

ТЖ жағдайында ұйымдардың басшылары мен лауазымды адамдары дұрыс шешімдер қабылдауға және тиісті іс-шараларды жедел жүргізуге тиіс.

2024 жылғы 10-11 маусым аралығында Түркістан облысында мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілері өз білімдерін арттыруға келді.

Сабақтар барысында олар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде басшылар мен қызметкерлердің негізгі іс-әрекеттерін үйренді. Курстарда ұйымдардың қызметкерлерін хабардар ету және хабардар етуді ұйымдастыру мәселесі қаралды. Тыңдаушылар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауды және жүзеге асыруды үйренді. Оқу-жаттығуларды, жаттығулар мен нұсқамаларды қалай дұрыс жүргізу керектігі туралы білді. Халықты және мәдени құндылықтарды эвакуациялауды ұйымдастыру негіздерін, объектілердің жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыру жолдарын зерделеді. Басқару органдары, азаматтық қорғау күштері мен құралдары арасындағы өзара іс-қимылдың неғұрлым тиімді нысандарын игерді.

Оқыту шеңберінде тыңдаушылармен зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар өткізілді, Жеке қорғаныс құралдарын кию дағдылары пысықталды. Құрылымдық емес сейсмикалық күшейту және «дабыл чемоданын» жинақтау туралы сабақтар өткізілді.

Бұдан басқа, халықты төтенше жағдайлар туындағаны туралы уақтылы хабардар етуге арналған «Дармен» мобильді қосымшасының жұмыс принципі көрсетілді.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері алған теориялық білім мен практикалық дағдыларды тыңдаушылар азаматтық қорғау саласындағы өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде қолданады деп үміттенеді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button